Басқарманың тарихынан
Қаржы халық комиссариаты 1920 жылы 19 қазан айынан бастап өз міндетін атқара бастады. Қаржы халық комиссариаты қарамағынан үш Орталық басқарма ашылып, олар келесі тармақтарға бөлінді: қаражатты басқару басқармасы, салық және жалпы істерді басқару басқармасы. Кейінірек, кіріс және шығыс кассалық басқару басқармасы ашылды.
Бастапқы кезеңде қаржы комиссариаты мемлекеттік және жергілікті қаражатты реттеу, жергілікті қаржы органдарын басқару жұмыстарын реттеді. 1920 жылы жергілікті губерниялар мен облыстар құрылғаннан бастап қаржы саласын басқару органдары бекітілді. 1925 жылы Орынбор облысы Қазақ автономиясынан Ресей федерациясына қосылғандықтан, Орынбордағы қаржы саласы тікелей Ресей қаржы жүйесіне бағынып, ал Қазақстанның Орталық басқару жүйесі Қызылордада қайта құрылған.
Қаржы саласының жұмысын атқара бастаған алғашқы 10 жылында облыстық қаржы бөлімінің меңгерушілері болып Стебут М.Д. (1919-1924ж), Ахмеджанов С. (1924-1926), Колесников Г.М. (1926-1928), Жаманқұлов К. (1928-1930), одан кейін, Баталов Б. (1931-1932), Наумович (1932-1934), Дүкенов (1934-1936), С.Чукиев (1936-1938) қызмет атқарған. Соғыс және оның зардабынан айығу жылдары облыстық қаржы бөлімінің меңгерушісі қызметін Я.К.Ямаловтан кейін Т.Құсайынов (1943-1945), У.Әлібеков (1946-1947), М.Хаджыбеков (1948-1949), К.Жүнісовтар (1949-1954) атқарған. Содан кейінгі жылдары облыстық қаржы бөліміне У.Мерьякупов (1954-1962), Н.П. Романчук (1963-1968), Ә.Сақауов (1968-1970), одан кейінгі ширек ғасырдан астам уақыт (1970-1997) Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген экономист, республикамыздағы қаржы саласына белгілі маман К.Шөкенов меңгерушілік етті. Содан кейінгі 1997-2007 жылдары Қ. Әжібеков, 2007 жылы Т.Н Сатбаев, 2007-2008 жылдары Р.Т. Мусабеков, 2008-2010 жылдары Қ.Ыдырысов, 2010-2011 жылдары М.Ергешбаев, 2011-2012 жылдары И.Л. Ким, 2012 жылы Қ.Искаков, 2012-2014 жылдары Қ.Сәрсенбаев басқарма бастығы қызметін атқарды. 2014 жылдың мамыр айынан бастап басқарма басшысы қызметін Т.У. Жақыпбаев атқарып келеді.
Бүгінгі таңда, қаржы басқармасында 46 қызметкерлер қызмет атқаруда.    
 
08.07.2015 ж
 
Құрылған күні: 31-03-2015 15:36
Жаңартылған күні: 10-07-2015 09:31

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика