Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу

комиссиясы отырысының қорытындысы

Қызылорда облысының қаржы басқармасының әкімшілік және аппарат қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына 2016 жылдың 28 желтоқсанында өткізілген әңгімелесу қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын  кандидат Азнабаев Ерік Серикұлы алды.

28.12.2016 ж

Хабарландыру

«Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі,  құрылыс 1, Қызылорда облысы әкімдігінің ғимараты, анықтама үшін телефондары: 8(7242)605428,  факс: 8(7242)605423, Ufin@korda.gov.kz  «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік  лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

13.12.2016 ж

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу

комиссиясы отырысының қорытындысы

Қызылорда облысының қаржы басқармасының бюджеттік және қаржылық есептілік, мемлекеттік мүлікті басқару бөлімдерінің бас маманы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына 2016 жылдың 2 желтоқсанында өткізілген әңгімелесу қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын  кандидаттар Маханбетжанова Актоты Жанбырбаевна, Ешниязов Алтынбек Жанабергенович алды.

05.12.2016 ж

Хабарландыру

«Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі,  құрылыс 1, Қызылорда облысы әкімдігінің ғимараты, анықтама үшін телефондары: 8(7242)605428,  факс: 8(7242)605423, Ufin@korda.gov.kz  «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік  лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Хабарландыру

«Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі,  құрылыс 1, Қызылорда облысы әкімдігінің ғимараты, анықтама үшін телефондары: 8(7242)605428,  факс: 8(7242)605423, Ufin@korda.gov.kz  «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік  лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

21.11.2016 ж

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу

комиссиясы отырысының қорытындысы

Қызылорда облысының қаржы басқармасының мемлекеттік аппарат, қорғаныс, құқық қорғау органдары және экономиканың нақты секторы бойынша жоспарланған қаражаттың атқарылуына мониторинг және талдау жасау бөлімінің бас маманы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына 2016 жылдың 21 қазанында өткізілген әңгімелесу қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын  кандидат Әділхан Ляйла Қойшыбайқызы  алды.

21.10.2016 ж

Хабарландыру

«Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі,  құрылыс 1, Қызылорда облысы әкімдігінің ғимараты, анықтама үшін телефондары: 8(7242)605428,  факс: 8(7242)605423, Ufin@korda.gov.kz  «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік  лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

11.10.2016 ж

Хабарландыру

«Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі,  құрылыс 1, Қызылорда облысы әкімдігінің ғимараты, анықтама үшін телефондары: 8(7242)605428,  факс: 8(7242)605423, Ufin@korda.gov.kz  «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік  лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Қызылорда облысының қаржы басқармасының мемлекеттік аппарат, қорғаныс, құқық қорғау органдары және экономиканың нақты секторы бойынша жоспарланған қаражаттың атқарылуына мониторинг және талдау жасау бөлімінің басшысы (D-О-3 санаты – 1 бірлік, индекс № 05-0-12).  Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 84563 теңгеден 114032 теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері: Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтініміне сәйкес, міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу; мекемелердің билігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатудан түсетін ақша түсімдері мен шығыстары бойынша жоспарларына өзгерістер енгізу; бюджет қаражатының игерілуі бойынша талдау жүргізу; бюджеттік бағдарламалардың  міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақытылы орындалмағаны туралы бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне ай сайын ескертпе-ақпарат жолдау; Республикалық бюджеттен түсетін мақсатты және даму трансферттеріне есептілік және бақылау жүргізу; бюджеттік бағдарлама әкімшілері және аудандық (қала) қаржы бөлімдері ұсынған жылдық есептердің негізінде жиынтық жылдық есепті қалыптастыру барысында мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет қаражатының игерілуінің барысын және  «Желілер, штаттар, контингенттер туралы»  есепті қабылдау және талдау жасау; жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы аналитикалық есеп, кредит қаражаттары бойынша борыштарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі есепті дайндау.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) мамандығы бойынша жоғары білім.      

1. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.

2. Қаржы-экономикалық саласындағы ұйымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы, компьютерде жұмыс жасай білуі. Мемлекеттік тілді білуі қошталады. 

Кәсіби қызметті  тиімді атқаруға қажетті құзыреттер:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес  Қазақстан Республикасының заңнамасын  білу;                                        

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 

Кәсіби қызметті тиімді атқаруға қажетті құзыреттер:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталған тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

"Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес  салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. 

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс №1,  Қызылорда облысы әкімдігінің ғимараты, 5-қабат, 551 кабинетте қабылданады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi.

Үміткерлермен әңгімелесу «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс №1,  Қызылорда облысы әкімдігінің ғимараты, 5-қабат, 551 кабинетте өтеді.

Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін,  Қағиданың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Қағиданың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

                   « Қызылорда облысының  қаржы 

                                            басқармасы» мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы 

23.09.2016 ж

Хбарландыру

«Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі,  құрылыс 1, Қызылорда облысы әкімдігінің ғимараты, анықтама үшін телефондары: 8(7242)605428,  факс: 8(7242)605423, Ufin@korda.gov.kz  «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік  лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Қызылорда облысының қаржы басқармасының әкімшілік және аппарат қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты – 1 бірлік, индекс № 02-0-4).  Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай  83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері: Басқарманың қажеттілігіне қарай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу заңнамаларына сәйкес жүргізу, рәсімдеу; бұйрықтар, хаттар мен ақпараттар  дайындау; басқарма жұмысындағы заңдар, нормативтік актілер бойынша құқықтық сұрақтармен жұмыс жүргізу, қойылған мәселелердің заң жүзінде шешімдерін табу, жалпыға бірдей құқықтық оқу сағаттарын жүргізу, басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сондай-ақ басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тиісті шараларды және осы аумақтағы өзге де жұмыстарды атқару.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) немесе құқық (құқықтану) мамандығы бойынша жоғары білім.      

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Компьютерде жұмыс жасай білуі қошталады.

Кәсіби қызметті тиімді атқаруға қажетті құзыреттер:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталған тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес  салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

            Конкурсқа қатысуға  қажетті құжаттар:

1)     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015

жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары 2- қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)     3х4 үлгідегі суретпен  «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу қағидалары 3-қосымшаға сәйкес толтырылған сауалнама;

3)     білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

4)     еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық  куәландырылған

көшірмесі;

5)     Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін

атқарушының  2010 жылғы  23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген

( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу  тізілімінде  2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген)  нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6)     Қазақстан Республикасы азаматының жеке  басын куәландыратын

құжаттың  көшірмесі;

7)     құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені

туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған  көшірмесі).

8)     конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда

жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды ( немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

 «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттар қабылдау мерзімі жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде, көрсетілген мекенжай  бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «E-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден жіберілмейді

Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланылған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс №1,  Қызылорда облысы әкімдігінің ғимараты, 5-қабат, 551 кабинетте қабылданады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде  «Қызылорда облысының  қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 120003,  Қызылорда қаласы,  Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс №1  мекен жайында өтеді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеуден өткізу бағдарламалары  B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4,         C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.

Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден өткізу  бағдарламалары:

екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт   75 минутті құрайды.

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, өкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар  персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 30-шы тармағанда көрсетілген ұйымдарға тиесілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 15-ші тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай ақ персоналды іріктеу және жоғарлату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту,тұратын жер жалдау,байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

                                                                      « Қызылорда облысының  қаржы 

                                                                       басқармасы» мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы 

21.09.2016 ж

Кадрлық мәселлер бойынша кеңес беруші әкімшілік және аппарат қызметтін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Раймқұлов Алтынбек Байсеркеұлы.

Байланыс телефоны: 60-54-28.

10.06.2016 ж

 Қызылорда облысының қаржы басқармасының әкімшілік және аппарат қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-заңгер,

 санаты D-О -4 (№ 02-0-4)

Білімі

Жоғары  заңгерлік.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі заңгерлік білімі барларға рұксат етіледі.

Кәсіптік құзыреттілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес  облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жұмыс тәжірибесі

1. Үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.

2. Қаржы-экономикалық және заң органдары салалардағы жұмыс тәжірибесі, заң органдарымен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы,  компьютерде жұмыс жасай білуі,  мемлекеттік тілді меңгеруі міндетті түрде.

Функционалдық міндеттері

Басқарма жұмысындағы заңдар, нормативтік актілер бойынша құқықтық сұрақтармен жұмыс жүргізу, қойылған мәселелердің заң жүзінде шешімдерін табу, жалпыға бірдей құқықтық оқу сағаттарын жүргізу, басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сондай-ақ басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тиісті шараларды және осы аумақтағы өзге де жұмыстарды атқару.

Мемлекеттік қызметтің бос орындары туралы

Қызылорда облысының қаржы басқармасының әкімшілік және аппарат қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы- заңгер (Д-О-4, 1- бірлік) мемлекеттік әкімшілік лауазымына бос орын бар. 
10.12.2015 ж

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу

комиссиясы отырысының қорытындысы
Қызылорда облысының қаржы басқармасының ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау бөлімінің бас маманы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына 2015 жылдың 15 маусымында өткізілген әңгімелесу қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын  кандидат Ормахан Нұрлан Тұрмаханұлы алды.
 07.07.2015 ж

«Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, № 1, анықтама үшін телефондары: 8(7242)605428, Ufin@korda.gov.kz  «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға  конкурс жариялайды:

Қызылорда облысының қаржы басқармасының ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау бөлімінің бас маманы  (D-О-4 санаты – 1 бірлік).

Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай  64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері: Бақылау тағайындау туралы бұйрықтарды тіркеу журналын жүргізу, бақылау мерзімдері мен олардың ұзартылу, аяқталу мерзімдерінің сақталуын қадағалау. Бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес жергілікті мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда бақылау жұмыстарын жүргізу. Бақылау қорытындылары (өзінің бақылау актілері) бойынша анықталған бұзушылықтарды,  кемшіліктерді жою үшін бақылау объектілеріне жіберілген ұсыныстарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Бақылау қорытындылары бойынша есептілік нысандарды жүргізу, тоқсандық, жылдық есептілікті уақтылы дайындау, тапсыру.  

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:  Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) мамандығы бойынша жоғары білім.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі қызмет көрсету, экономика және басқару (экономика, есеп және аудит, қаржы) білімі барларға рұксат етіледі.  

Конкурсқа қатысуға  қажетті құжаттар:

1)    нысанға сәйкес өтініш;

2)    3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама;

3)    білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

4)    еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық  куәландырылған көшірмесі;

5)    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы  23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде      2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген)  нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6)    Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7)    құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижесімен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған сертификат көшірмесі).

Егер   азамат   еңбек   қызметін   жүзеге   асырмаған   және   конкурс

жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда  4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың   толық  емес  пакетін  ұсыну конкурс комиссиясының оларды

қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде бере алады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру БАҚ-та («Кызылординские вести» және «Сыр бойы») соңғы жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, № 1, № 551 кабинетте қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде  әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Үміткерлермен әңгімелесу «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, № 1) әңгімелесуге шақырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына бір жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың мемлекеттік органның басшысымен (жауапты хатшы) конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды тіркеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихат депутаттары қатыса алады.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

«D-O-4» санаттары үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ);  «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ),  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тест сұрақтары кіреді. 

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

                                                              «Қызылорда облысының  қаржы

                                                              басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

                                                              конкурстық комиссиясы

02.06.2015 ж

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу комиссиясы отырысының қорытындысы

Қызылорда облысының қаржы басқармасының әкімшілік және аппарат қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-заңгер бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына 2015 жылдың 3 сәуірінде өткізілген әңгімелесу   қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын  кандидат Сарымбетов Еркебұлан Әділбайұлы алды.

08.04.2015 ж

Құрылған күні: 31-03-2015 16:36
Жаңартылған күні: 13-04-2017 21:08

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика