МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ КӨРМЕГЕ ҚОЙЫЛДЫ
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Алтын қолдар» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі балалардың қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филалының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» партиялық жобалары аясындағы бұл көрме биыл үшінші рет өтіп отыр.
Бұл жолғы көрмеге түрлі оңалту орталықтарынан 5 оқушы және үйден оқытылатын 15 мүмкіндігі шектелуі балғын қатысып, 200 жуық қол өнер бұйымдарын таныстырды. Балалар мүмкіндігі шекетулі екеніне қарамастан өнерге деген қабілетінің жоғары екенін көрсетіп отыр.
Жалпы көрменің мақсаты мүмкіндігі шектеулі балғындарымызға қолдау көрсету. Олардың маңдай тер еңбегі, төл өнерлерін жұртшылыққа паш етіп, қоғаммен байланысын арттыру, қоғам алдында қажет екендіктерін сезіндіру, асқақ армандарының орындалытындығына көз жеткізу екенін айтқан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев балғындардың шығармашылығына табыс тіледі.
«Мемлекет басшысы, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халықына арнаған әрбір Жолдауында әлеуметтік мәселелерге ерекше тоқталып, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетуді қоғам болып жүзеге асыруды үнемі айтып келеді. Жақында өткен «Nur Otan» партиясың кезекті XVIII съезінде де Елбасы халықты әлеуметтік қолдау бағыттында соның ішінде, көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларды бағып отырған ата-аналарға қолдауды күшейтуді тапсырды. Осыған орай бүгінгі таңда үкімет, жергілікті билік тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше көңіл бөлініп, көрсетілетін қызмет түрлері жеңілдетіліп отыр. Жетекші партия өзінің «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» деп аталатын Сайлауалды бағдарламасында халықтың ең мұқтаж топтарына қолдау көрсетуді басты жұмыстарының бірі ретінде белгілеп, «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек» партиялық жобаларын жүзеге асырып келеді. Бүгінгі шара соның бір көрінісі»,- деді Ибадулла Құттықожаев.
Жалпы көрмеге облыстық білім басқармасы, мүгедектер қоғамдық бірлестіктері мен ҮЕҰ–дар өкілдері қатысып, балғындар туындыларын тамашалады. Бірінен - бірі туындыларымен тамсандырған балғындардың барлығы облыстық партия филиалы тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика